Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы анықталды

Теннис
СЭ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның 2023 жылғы Уимблдон турнирі екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бірінші кезеңде жапониялық Нао Хибиноны 6:2, 6:2 есебімен жеңген франциялық Ализе Корне “Үлкен дулыға” жарысының екінші айналымда әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинамен сынға түседі.
Елена Рыбакина мен Ализе Корне арасындағы матч бүгін, 6 шілде күні Астана уақытымен 20:30-да басталады деп жоспарланған.