Александр Шин "Торпедоға" қайта оралды

Александр Шин
Хоккей

Қазақстан хоккейінің тәжірибелі шабуылшыларының бірі Александр Шин өскемендік "Торпедоға" қайта оралды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

37 жастағы форвард өткен маусымда Қазақстан чемпионатының 39 матчына қатысып, 27 (9+18) ұпай еншілеген еді. Ел біріншілігінің плей-офф кезеңі кезінде қарағандылық "Сарыарқа" құрамына толықтырып, 8 ойында 6 (4+2) ұпайды өз есебіне жазды.