“Номадтың” Құрлықтық Кубоктағы қарсыластары белгілі болды

“Номадтың” Құрлықтық Кубоктағы қарсыластары белгілі болды
Хоккей

Келер маусымда хоккейден Құрлықтық Кубокта ел намысын “Номад” қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарысты үшінші кезеңнен бастайтын астаналық клубтың қарсыластары  ағылшындық “Кардифф Девилз”, франциялық “Гренобль” және Кубоктың алдыңғы кезеңдерінен сүрінбей өткен команда болмақ. 

Үшінші кезең 17-19 қараша күндері Гренобльде (Франция) өтеді. Ал Құрлықтық Кубоктың шешуші турнирі 2024 жылдың 12-14 қаңтар күндері болады. Финалдық кезең турнирге қатысушы елдердің бірінде жалауын желбіретеді. 

Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері финалдық раундқа жолдама алуы үшін өз тобының үздік екі командасының қатарына енуі тиіс.