Құрлықтық Кубокқа қатысатын қазақстандық команда анықталды

Құрлықтық Кубокқа қатысатын қазақстандық команда анықталды
Хоккей

Шайбалы хоккейден Құрлықтық Кубокта Қазақстан намысын қорғайтын команда белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Келер маусымдағы Құрлықтық Кубокта биыл ел чемпионы атанған “Номад” Қазақстан намысын қорғайды. Астаналық клуб турнирді үшінші кезеңнен бастайды. Іріктеу сайысы 17-19 қараша аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді. Финалдық кезеңге өту үшін “Номад” өз тобындағы үздік екі команда қатарына енуі тиіс. 

Еске салайық, бұған дейінгі маусымдарда Құрлықтық Кубокта Қазақстан атынан қарағандылық “Сарыарқа” қатысқан.