Футзал: Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Футзал: Әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Футбол

Бүгін футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Қарсыластары - Румыния, Әзербайжан, Нидерланд. Элиталық іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасады.

Топ жеңімпазы 2024 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда плей-офф кезеңінде бақ сынасады.

Элиталық кезеңнің ойын кестесі:

11-20 қыркүйек 2023 ж.

2-11 қазан 2023 ж.

11-20 желтоқсан 2023 ж.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Словения және Черногория құрамаларымен ойнап, өз тобында бірінші орын алған еді.