Алексис Макаллистер «Ливерпуль» қатарын толықтырды

Футбол
instagram.com/liverpoolfc
Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионы атанған футболшы Алексис Макаллистер «Ливерпуль» сапына қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Макаллистер «Ливерпульге» «Брайтон» сапынан ауысты, дегенмен трансфер сомасы әзірге белгісіз. Жаңа клубта аргентиналық 10-нөмірмен өнер көрсетеді, бұған дейін бұл сан Садио Манеге тиесілі еді.
Біз Алексис Макаллистердің «Брайтон энд Хоув Альбионнан» ауысуы туралы келісімге келдік, - делінген клуб таратқан мәліметте.
Бұған дейін тағы бір аргентиналық Анхель Ди Марияның АҚШ-қа аттанатыны туралы хабар тараған. Ол Лионель Мессимен бір клубта ойнауы мүмкін деген хабар бар.