Неймар Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстан бас тартты
Футбол
Танымал бразилиялық футболшы Неймар Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстан абс тартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"ПСЖ" форварды Неймарға Сауд Арабиясы бір клубынан құны 400 млн еуро болатын келісімшартқа ұсыныс келіп түскен. Алайда ол бұл ұсынысты қабылдамаған, оған Qatar компаниясымен жасалған серіктестік келісімшарт әсер еткен болуы мүмкін.
Кейбір дереккөздер мәліметінше, Неймар осы жазда париждік клуб құрамынан кетеді. Шетелдік БАҚ оның "Манчестер Юнайтедке" ауысатыны туралы ақпарат таратуда.