2022 жылы жасыл алаңмен қоштасқан ТОП-10 ойыншы кім

2022 жылы жасыл алаңмен қоштасқан ТОП-10 ойыншы кім
Футбол

2023 жыл босаған енді. Былтырғы әлем чемпионатынан кейін футболшылар өз командаларына оралып үлгерді. Алайда биылғы маусымды жасыл алаңнан тыс өткізетін ойыншылар да бар. Bassport.kz 2022 жылы спорттық мансабын аяқтаған танымал футболшыларды назарларыңызға ұсынады.


Аарон Леннон



2008 жылғы Англия кубогінің иегері және Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы былтырғы қарашада карьерасын аяқтады. 35 жастағы ойыншы соңғы кездері психикалық қысымға да ұшырап, депрессиямен күресуге мәжбүр болған.


Гари Кэхилл



Англия құрамасының тағы бір ойыншысы 37 жасында спортпен қоштасты. Кэхилл ұлттық құрамамен екі әлем және бір Еуропа чемпионатына қатысқан. "Челсимен" бірге Чемпиондар лигасын ұтып алған ойыншы соңғы маусымды "Борнмутта" өткізді. Команда жаңа келісімшарт ұсынбаған соң, Гари футболдағы сапарын аяқтады.


Франк Рибери



Франция құрамасының белді ойыншысы, "Бавария" сапында екі дүркін Германия чемпионы атанған Франк Рибери де үлкен спортпен қоштасты. Ол "Бавариямен" бірге 24 рет ірі жарыстарда жеңіске жеткен. Ал аяғындағы жарақатынан соң италиялық клубқа ауысқан еді. Бірақ ол былтырғы маусымда жарақатына байланысты бір ғана матч өткізіп, 39 жасында мансабын аяқтады.


Джон Оби Микел



"Челси" сапында 11 жыл ойнаған Джон мүмкін болған барлық жүлдеге қол жеткізді. 2017 жылдан бастап Қытай, Түркия мен Кувейтте ойнаған ол 35 жасында клубсыз қалып, қыркүйекте футболмен қош айтысты.


Лоран Косельни



Былтыр  Лоран "Бордоның" капитаны атағынан айырылып, клуб құрамынан шығарылды. Оны бірнеше футболшымен бірге команданың жеңілісіне кінәлі деп тапқан болатын. Екі аптадан соң Лоран командадан кететінін мәлімдеді.


Карлос Тевес



Карлос Тевес командадағы соңғы ойынын өткізіп, футболмен қоштасатынын бір жылдан соң мәлімдеді. 38 жастағы ойыншы өкіл әкесінің өлімінен соң ойынға деген құлшынысы қалмағанын айтқан еді. Тевес Қытайда ойнаған кезінде ең көп жалақы алатын футболшылар көшін бастаған. Тевестің ең жарқын жеңісі - "Манчестер Юнайтед" сапында чемпион атанғаны.


Джермейн Дефо



Дефо 38 жасында өзінің алғашқы чемпиондық атағына Шотландияда қол жеткізді. Ал 2022 жылы Англияның үшінші лигасындағы клубта ойнап, жеті-ақ рет алаңға шыққан.


Джек Уилшер



Спорттық ғұмырына жарақаты кері әсер тигізген талантты футболшылардың бірі - Джек Уилшер. Ол "Борнмуттан" кетіп, даниялық "Орхус" клубында ойнады. Алайда 14 матчтан соң футболдағы мансабын аяқтады. Небары 30 жасында үлкен футболдан қол үзіп, бапкерлікке кірісті.


Арда Тұран



Түркиялық ойыншы "Атлетика" құрамында Испания чемпионатында жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Бірақ кейін көптеген әдепсіз қылықтары арқылы мансабын аяқасты етті. 35 жастағы ойыншы қыркүйек айында карьерасын аяқтады.


Жерар Пике



Әлемдегі үздік қорғаушылардың бірі "Барселона" деңгейіне ілесе алмайтын болса, мансабын аяқтауға уәде берген. Кейін Хави оны қосалқы құрамда қалдырды. 5 қараша күні Пике жанкүйерлермен қош айтысты.