Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Таиландтан жеңілді
Басқа
Olympic.kz
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Тяньцзинь қаласындағы Азия чемпионатында бақ сынап жатыр. Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ойында қарсыластар 3:1 (25:22, 25:16, 23:25, 25:11) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралияны жеңіп, бір рет жеңіске жетті. Ал Таиланд пен Индонезия құрамаларына есе жіберді.
Азия чемпионатының ширек финалына әр топтан үздік екі команда жолдама алады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы B тобында екінші орында тұр. Алайда командалардың қорытынды орны 26 тамызда өтетін Индонезия мен Аустралия құрамалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады.