Суға секіруден әлем чемпионатында қазақстандықтар іріктеуден өтті
Басқа
ҰОК
Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы үш метрлік тұғырдан секірудің жекелей сайысының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Илларион Авченко 389.25 ұпай жинап, 32-орынға табан тіресе, Эмиль Касимов 331.65 ұпаймен 41-орыннан көрінді. Финалда Финн Ауэ (Германия) 359.20 ұпаймен жеңіске жетті. Ресей өкілі Матвей Помошников 341.85 ұпай жинап, күміс медальға ие болды. Ал Маори Померой-Фалекау (Фиджи) 297.50 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 25 тамызда отандастарымыз бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында бақ сынайды.