2027 жылғы Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Қазақстан хоккей құрамасы
2027 жылы Қытайдың Чанчунь қаласында өтетін қысқы Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы сынға түсетін қарсыластар анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы турнирде Канада, Қытай, Чехия, Ұлыбритания, Жапония, Словакия, Оңтүстік Корея және АҚШ командаларымен, сондай-ақ бейтарап мәртебеде өнер көрсететін Ресей құрамасымен бәсекеге түседі. Ал Украина, Швеция және Польша құрамалары 2027 жылғы студенттер ойындарының хоккей турниріне қатыспайды.
Қысқы Дүниежүзілік студенттер ойындары 2027 жылдың 15-25 қаңтары аралығында Қытайдың Чанчунь қаласында өтеді.
Айта кетейік, ерлер арасындағы хоккейден Дүниежүзілік студенттер ойындарының қазіргі чемпионы – Канада құрамасы.
Қазақстан құрамасының қысқы Универсиадалардағы тарихы да жүлдеге бай. Ұлттық құрама 1995 жылы чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алған. Бұдан бөлек, қазақстандық хоккейшілер үш рет – 1993, 2015 және 2017 жылдары күміс жүлдеге қол жеткізді. 2007 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы қола медаль иеленген.
Осылайша, Қазақстан студенттер құрамасының еншісінде қысқы Универсиадалардың хоккей турнирінен бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде бар.