QJ League маусымды игі іспен бастайды

Футбол
20 сәуір күні «Тараз» - «Астана» арасындағы ойынмен QJ League жаңа маусым шымылдырығын ашпақ, - деп жазады Bassport.kz.
Айта кету керек, билет сатылымынан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету ұйымына аударылады.
QJ League бұл тек футбол емес, сондай-ақ әлеуметтік қолдау. Ойын күні стадионда арнайы қорапшалар да орнатылады.
Матчқа келген әр жанкүйер жерлестерімізге көмек қолын соза алады.
Тараздағы ойында көріскенше!