WTA: Елена Рыбакинаның рейтингі белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында рейтингті жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жекелей сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орында тұр, ал Юлия Путинцева 68-сатыда қалды.

Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).

Жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тұрақтады. Жұптық сындағы үздік теннисшіміз Анна Данилина 56-орнын сақтап қалды.