Зидан “Әл-Насрдың” ұсынысынан бас тартты
Футбол
Мадридтік “Реалдың” экс бапкері, “Алтын доп” иегері Зинедин Зидан саудиялық “Әл-Насрда” жұмыс істеуден бас тартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Foot Mercato жазуынша, “Әл-Наср” Зиданға екі жылға арналған құны 150 млн еуро болатын жалақы ұсыныпты. Десе де, франциялық маман Криштиану Роналду өнер көрсететін клубты жаттықтырудан бас тартқан.
Бұған дейін “Әл-Наср” Жозе Моуриньюді бас бапкрлік қызметке шақырып отырғаны туралы ақпарат тараған.