"Авангардтың" экс-шабуылшысы СКА-мен бес жылдық келісімшартқа қол қойды

Хоккей

Омбылық "Авангардтың" экс шабуылшысы Сергей Толчинский СКА-мен бес жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

28 жастағы форвардтың Санкт-Петербург командасымен жасасқан келісімшарты 2028 жылдың 30 сәуіріне дейін шақталған. 

Сергей Толчинский екі мәрте Гагарин Кубогының иегері атанған. Жалпы, шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасында 280 ойын өткізіп, 198 (72+126) ұпай еншілеген.