Модрич “Реалмен” келісімшартын ұзартатын болды

Модрич “Реалмен” келісімшартын ұзартатын болды
Футбол

Мадридтік “Реал” мен жартылай қорғаушы Лука Модрич келісімшартты ұзарту туралы келісімге келді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, жаңа келісімшарт 2024 жылға дейін жасалады. 

Келісім туралы ресми ақпарат жақын күндері жарияланады деп күтіліп отыр.

Лука Модрич 2012 жылдан бері мадридтік “Реал” сапында өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда хорватиялық футболшы 48 ойынға қатысып, 6 гол және 6 пасты өз есебіне жазды.