“Барыстың” қарсыласы үш ай бойы ойыншыларына жалақы төлемеген

“Барыстың” қарсыласы үш ай бойы ойыншыларына жалақы төлемеген
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін уфалық “Салават Юлаев” ойыншылары осымен үшінші ай жалақыларын алмаған, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеп, осының салдарынан командаға келген жаңа ойыншылардың келісімшартын тіркеу жүзеге аспай тұрғанын хабарлады.

Еске салайық, “Салават Юлаев” өткен маусымды плей-офф кезеңінің бірінші айналымында “Адмиралдан” жеңіліп, аяқтаған еді.