Саян Данияр мансабын Ресейде жалғастырады

Саян Данияр мансабын Ресейде жалғастырады
Хоккей

Шабуылшы Саян Данияр “Сарыарқадан” кетті. Ол мансабын Бүкілресейлік хоккей лигасында жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Астана хоккей мектебінің тәрбиеленушісі ресейлік “Тамбов” клубымен келісімшартқа қол қойды.

Өткен маусымда 23 жастағы Саян Данияр ел біріншілігінің 39 матчында 26 ұпай еншілеген. Ал плнй-оффтың 7 ойынында 3 (1+2) ұпайды өз есебіне жазды.

Айта кетейік, Саян Данияр әлем чемпионатына дайындық үшін ұлттық құрамаға шақырту алған, алайда жолдастық кездесулерде ойнамай, команданың қорытынды тізіміне енбей қалды.