“Барселона” 24 жылда алғаш рет Мессисіз чемпион атанды

Футбол
“Барселона” Испания чемпионаты 34-тур ойындары аясында “Эспаньолді” (4:2) жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Барселона” осымен 27-мәрте Испания чемпионы атанды. Бірақ, клуб 24 жылда бірінші рет Лионель Мессисіз чемпиондыө атаққа қол жеткізіп отыр.
Аргентиналық шабуылшы осыдан 2 жыл бұрын испаниялық клубтан кеткен болатын, ал бұған дейін 10 рет Ла Лига чемпионы атанған. “Барселона” соңғы рет 1998-1999 жылдары Мессисіз ел чемпионы атанған еді.