“Барселона” араға төрт жыл салып Испания чемпионы атанды

“Барселона” араға төрт жыл салып Испания чемпионы атанды
Футбол

“Барселона” мерзімінен бұрын Испания чемпионатының 2022-2023 жылдар маусымының чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

34-тур ойындары аясында “Эспаньолге” қарсы болған матчта 4:2 есебімен жеңіске жеткен “Барселона” төрт жылда алғаш рет Испания чемпионы атанды. 

Хави шәкірттері арасынан Алекс Бальде, Жюль Кунде мен дубль авторы атанған Роберт Левандовски нәтижелі соққыларымег көзге түсті. 

Ал “Эспаньолдің” екі голын Хавьер Пуадо мен Хоселу өз есептеріне жазды.

Қазір “Барселона” қоржынында 85 ұпай бар және Ла Лига маусымының қалған төрт турында командалардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізе алмайды.