Қазақтың екі баласы финалдағы қарсыластарымен көз түйістірді

Қазақтың екі баласы финалдағы қарсыластарымен көз түйістірді
Бокс

Бүгін бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігі финалының алғашқы күні өтеді, деа хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Биылғы жаһан біріншілігінің шешуші сынына бес қазақ боксшысы өтсе, оның екеуі бүгін чемпиондық атақты сарапқа салады.

Жекпе-жектер алдында Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Дулат Бекбауов (67 келі) салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыластарымен көз түйістірді.

Финалдық жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады. Qazsport телеарначынан тікелей эфирде көрсетілетін бәсекеде Санжар Тәшкенбай бірінші, ал Дулат Бекбауов екінші жұпта өнер көрсетеді.