Бес боксшымыз финал жолдамасы үшін жұдырықтасады
Бокс
Бүгін бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жартылай финалдың Астана уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессиясында үш боксшымыз бақ сынайды:
48 келі. Санжар Тәшкенбай - Эдмонд Худоян (Ресей)
54 келі. Махмұд Сабырхан - Йосвани Ветия (Куба)
67 келі. Дулат Бекбауов - Лаша Гурули (Грузия)
Кешкі сессияда (19:00) тағы екі былғары қолғап шеберіміз финал жолдамасын сарапқа салады:
71 келі. Асланбек Шымбергенов - Нишант Дев (Үндістан)
80 келі. Нұрбек Оралбай - Имам Хатаев (Ресей)
Күндізгі сессияны qazsporttv.kz сайтынан, ал кешкі жекпе-жектерді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.