“Барыстың” үздік ассистент қорғаушысы “Сочиге” ауысты

“Барыстың” үздік ассистент қорғаушысы “Сочиге” ауысты
Хоккей

Астаналық “Барыстың” канадалық қорғаушысы Джесси Грэм “Сочи” хоккей клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Оның “Сочимен” жасасқан біржақты келісімшарты екі жылға есептелген.

Биыл Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік маусымын өткізген қорғаушы 66 матчта 19 (0+19) ұпай еншіледі. Әр матчта орта есеппен айдында 20 минут 3 секунд өткізген ойыншының пайдалылық көрсеткіші - “-1”. 

Джесси Грэм биылғы маусымда “Барыста” ең көп ассистенттік ұпай жинаған ойыншы. 

Айта кетейік, бұған дейін астаналық клуб форварды Антон Сагадеев “Сочи” құрамын толықтырған еді.