«Реал Мадрид» Модрич пен Кроостың орнын басатын ойыншы тапты

«Реал Мадрид» Модрич пен Кроостың орнын басатын ойыншы тапты
Футбол

Мадридтік «Реал» Мюнхеннің «Бавариясында» ойнайтын жартылай қорғаушысы Йозуа Киммихті сатып алуды көздеп отыр деп хабарлайды BasSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, «корольдік» клуб неміс футболшысын 2024 жылы - Тони Кроос пен Лука Модрич кеткеннен кейін алғысы келеді. Киммих жас жартылай қорғаушылардың көшбасшысы атанады деп үміттенеді.

Киммихтің «Бавариямен» келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

Ал Йозуаның өзі «Бавариядан» тек жаңа клубы еуропалық стандарттар бойынша үздік және Чемпиондар лигасында жеңіске тұрақты үміткер болған жағдайда ғана кетуі мүмкін екенін аңғартқан.