“ПСЖ” Мессидің орнын басар ойыншы тапты
Футбол
Франциялық “ПСЖ” Гарри Кейнді сатып алу үшін 100 млн еуро жұмсауға әзір, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Le10sport.com жазуынша, парижжік клуб Лионель Мессидің орнына орталық шабуылшы іздеп, оған “Тоттенхэм Хотспур” форварды Гарри Кейнді лайық көріп отыр. “ПСЖ” басшылығы “Тоттенхэмнің” Кейнді 100 млн еуроға сататынына сенімді.
Бұған дейін Лионель Мессидің жазғы трансферлік кезеңде париждік клубтан кететіні жайында ақпарат тараған. Ал Гарри Кейн 2011 жылдан бері “Тоттенхэм Хотспур” намысын қорғап келеді. Ал оның клубпен жасасқан келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген.