Қазақ боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Қазақ боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс

Ертең, 12 мамыр күні бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалдық бәсекелері басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Биылғы әлем біріншілігінің жартылай финалында бес қазақ боксшысы сынға түседі. Олардың финал жолдамасын сарапқа салар қарсыластары белгілі болды.

48 келі. Санжар Тәшкенбай - Эдмонд Худоян (Ресей)

54 келі. Махмұд Сабырхан - Йосвани Ветия (Куба)

67 келі. Дулат Бекбауов - Лаша Гурули (Грузия)

71 келі. Асланбек Шымбергенов - Нишант Дев (Үндістан)

80 келі. Нұрбек Оралбай - Имам Хатаев (Ресей)