Анчелотти Алекс Фергюсонның жетістігін қайталады

Анчелотти Алекс Фергюсонның жетістігін қайталады
Футбол

Мадридтік “Реалдың” бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лигасындағы матчтар сериясы бойынша “Манчестер Юнайтедтің” экс жаттықтырушысы Алекс Фергюсонмен теңесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Opts Sport хабарлауынша, Карло Анчелотти ЧЛ жартылай финалының “Манчестер Ситиге” қарсы өткен алғашқы матчта бапкерлік мансабындағы 190-ойынын өткізген. Сөйтіп, ол бұл көрсеткіш бойынша “МЮ” экс бас бапкері Алекс Фергюсонмен теңесті. 

Осылайша, 63 жастағы италиялық маман “Манчестер Ситимен” қарымта матчта турнир рекордының иесі атанады.

Ал командалардың екінші ойыны 17 мамыр күні Манчестерде өтеді.