Қоңқабаев vs Джалолов және тағы алты қазақ боксшысы медальға таласады

Қоңқабаев vs Джалолов және тағы алты қазақ боксшысы медальға таласады
Бокс

Бүгін бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің оныншы күнінде жеті қазақ боксшысы сынға түседі, деп хабарлайды BasSport.kez тілшісі. 

Астана уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда үш боксшымыз жарыс жолына шығады. Серік Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдель Ортомен, Асланбек Шымбергенов (71 келі) франциялық Макан Траоремен, Нұрбек Оральай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен жұдырық түйістіреді. 

19:00-де кешкі сессия басталып, Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Кадзума Аратакемен, Махмұд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммед Амадумен, Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен, ал Қамшвбек Қоңқабаев өзбекстандық (+92 келі) Баходир Жалоловпен кім мықтыны анықтайды.

Қазақ боксшыларының барлық жекпе-жегі Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.