Бес қазақ боксшысы ширек финал жолдамасына таласады

Бес қазақ боксшысы ширек финал жолдамасына таласады
Бокс

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының тоғызыншы жарыс күнінде бес қазақ боксшысы ширек финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Астана уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергеноа (71 келі) израильдік Мирослав Капулер-Ищенкомен, ал Нұрбек Оралбай (80 келі) түрік боксшысы Каан Айкутсунмен сынға түседі. 

19:00-де басталатын кешкі сессияда үш қазақ боксшысы рингке көтеріліп, оның екеуі үндістандық былғары қолғап шеберлерімен жұдырық түйістіреді. Махмұд Сабырхан (54 келі) Сачин Сивачпен, Дулат Бекбауов (67 келі) Акаш Сангванмен кім мықтыны анықтаса, Нұрқанат Райыс (75 келі) бразилиялық Вандерлей Перейрамен шеберлік байқасады. 

Барлық жекпе-жекті Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.