Үш қазақ боксшысы келесі кезең жолдамасын сарапқа салады

Үш қазақ боксшысы келесі кезең жолдамасын сарапқа салады
Бокс

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының сегізінші жарыс күнінде үш қазақ боксшысы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Алдымен 15:00-де басталатын күндізгі сессия 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұд Сабырханның венгриялық Иштван Сакамен өткізетін жекпе-жегімен басталады.

19:00-де басталатын кешкі сессияда екі отандасымыз өнер көрсетіп, екеуі де өзбекстандық былғары қолғап шеберлерімен сынға түседі. 48 келіде Санжар Ташкенбай мен Шодиержон Меликузиевпен кім мықтыны анықтаса, 86 келіде Сағындық Тоғамбай Шохжахон Абдуллаевпен шеберлік байқасады. 

Отандастарымыздың жекпе-жегін Qazsport телеарнасынан тікелей эфирле көруге болады.