«Барыстың» сұрмергені ҚХЛ-да өнер көрсетпейтін болып шешті
Хоккей
Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Мәскеудің ЦСКА клубының сапында 2019 жылы Гагарин кубогын иеленген канадалық Линден Вей алдағы маусымда Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетпейді,
Бұл туралы шабуылшының агенті Шуми Бабаев мәлімдеді.
Алдағы маусымда Вей ҚХЛ-да өнер көрсетпейді. Ол Швейцария лигасында ойнауы мүмкін, - дейді Бабаев.
2022/23 маусымда Вей елорданың «Барыс» клубының намысыг қорғады. 31 жастағы хоккейші 57 матчта 41 ұпай иеленіп, команданың сұрмергені атанды.
2018 жылы Вей «Цюрих Лайонз» сапында Швейцария чемпионы атанған.