Әлем чемпионатының бесінші жарыс күні: Серік Теміржанов пен ағайынды Оралбайлар рингке көтеріледі
Бокс
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде үш боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Күндізгі сессияда (14:00) 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Серік Теміржанов өнер көрсетіп, Абдул Карим Батилимен жұдырықтасады. Бұл жұп А рингіндегі кездесулерді бастайды.
Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда 80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен сынға түссе, Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырық түйістіреді.
Қазақ боксшыларының жекпе-жегін Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.