Санатәлі Төлтаев жанкүйерлерден кешірім сұрады
Бокс
Ұлттық құрама сапында екінші боксшы әлем чемпионатынан шығып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) 1/16 айналымда Маврикий аралынан келген Ришарно Колимен болған жекпе-жекте қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатын аяқтады.
Боксшының өзі бұл жеңілісі үшін кешірім сұрап, жанкүйерлерден ұлттық құрамаға қолдау көрсетуді сұрады.
Өкінішке қарай, ұтылып қалдым. Бокста жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Сондықтан жанкүйерлерден қолдау көрсетсеңіздер деп сұраймын. Жекпе-жекке келсек, қарсыласым өте тәжірибелі. Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен. Бірінші раундта кеуде тұсымнан жарақат алдым, қазір ауруханаға барамын. Барымды салып бокстаса алмаған тәріздімін. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын, - деді ол.