Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатын аяқтады

Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатын аяқтады
Бокс

Қазақтың боксшысы Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі әлем чемпионатының үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды BasSport.kz.

1/16 финалда Санатәлі (63,5 кг) маврикийлік Ришарно Луи Колинмен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Біріншіліктің келесі айналымында 35 жастағы африкалық Өзбекстан атынан өнер көрсететін қазақ Руслан Абдуллаевпен жұдырық түйістіреді.

Бұған дейін 60 кг салмақта Талғат Сырымбетов те жарысты аяқтаған.