Зинедин Зиданға «Марсель» қызығушылық танытып отыр

Зинедин Зиданға «Марсель» қызығушылық танытып отыр
Футбол

«Реал Мадридтің» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан француздың «Марсель» клубының тізгінін қолына алуы мүмкін. Бұл туралы Marca-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, Зидан жаңа жұмыс орнын іздеуді жалғастыруда. Француз маманы қарастырып жатқан нұсқалардың ішінде туриндік «Ювентус», ПСЖ және мадридтік «Реал» бар.

Егер команданың қазіргі бас бапкері Игорь Тудор «Ювентустің» тізгінін қолына алуға келіссе, «Марсель» Зиданға ұсыныс жасауы мүмкін.