Месси, Бензема мен Модрич. Сауд Арабиясы клубтары кімге көз тігіп отыр

Месси, Бензема мен Модрич. Сауд Арабиясы клубтары кімге көз тігіп отыр
Футбол

Сауд Арабиясының үкіметі футболдан ел чемпионатына қомақты инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Foot Mercato мәліметінше, ел үкіметі әр саудиялық клубтың жұлдызды ойыншысы болғанын қалап отыр. 

Мәсеелен, "Әл-Насрдың" құрамында португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду бар. Енді "Әл-Хилаль", "Әл-Иттихад" пен "Әл-Ахли" клубтарына әлемге әйгілі ойыншылар керек. 

"Әл-Хилаль" франциялық "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Мессиге "Барселонадан" да көп жалақы ұсынып, футболшының команда құрамын толықтырғанын қалап отыр. "

Ал "Әл-Ахли" болса, мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модричті қатарына қоспақшы. Бірақ, хорватиялық футболшы мадридтік клубпен келісімшартын 2024 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырған көірнеді. 

"Корольдік" клуб шабуылшысы Карим Бензема "Әл-Иттихадқа" ауысуы мүмкін. Франциялық футболшы саудиялық команда басшылығымен келісімшарт жайында сөйлескен, бірақ трансферлік ұсыныстан бас тартқан.