Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жолын бастайды
Бокс
Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде екі отандасымыз ел намысын қорғайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Күндізгі сессияда (14:00) 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Санатәлі Төлтаев Ришарно Колинмен (Маврикия) жұдырық түйістіреді.
Ал кешкі сессияда (19:00) Қамшыбек Қоңқабаев (92+ келі) әлем біріншілігіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ресейлік Алексей Дроновпен сынға түседі.
Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.