Қазақстан азаматтығын таңдаған хоккейші әлем чемпионатына бармайтын болды

Қазақстан азаматтығын таңдаған хоккейші әлем чемпионатына бармайтын болды
Хоккей

Қазақстан азаматтығын таңдаған шабуылшы Дмитрий Гурков әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Форвард Ресей азаматтығынан бас тартуға құжаттарын тапсырған, бірақ процесс созылып кеткен. Сол себептен ол Рига мен Тампереде өтетін әлем чемпионатына бара алмайды.

Еске салайық, Дмитрий Гурков 2015 жылдан бері “Барыс” құрамында өнер көрсетіп келеді. 

Дереккөз: Shaiba.kz