Данис Зарипов бапкерлік мансабын бастауы мүмкін

Данис Зарипов бапкерлік мансабын бастауы мүмкін
Хоккей
Данис Зарипов “Ақ Барстың” жастар командасы “Ирбистің” бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 
Қазандық клуб экс-ойыншысына келісімшарт ұсынған. Өткен маусымда “Ирбис” сапында Данис Зариповтің ұлы өнер көрсеткен, енді ол келер жылы Бүкілресейлік хоккей лигасында ойнайтын “Барс” намысын қорғайды.
Еске салайық, Данис Зарипов биылғы плей-офф алдында мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Ол 2001-2013 және 2017-2023 жылдар аралығында “Ақ Барста” өнер көрсетті. Ол қазандық клубпен бірге үш дүркін (2009, 2010, 2018) Гагарин Кубогының иегері атанған.