Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутпен ұтты

Әлем чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутпен ұтты
Бокс

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай Конго ДР өкілі Натан Нланду Мбелимен кездесті. Жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, үшіншісінде төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша Сағындық Тоғамбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Енді 19:00-де басталатын кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) Израиль боксшысы Ахмад Штивимен өзара кім мықтыны анықтайды.