Екі боксшымыз әлем чемпионатындағы жарыс жолын бастайды

Екі боксшымыз әлем чемпионатындағы жарыс жолын бастайды
Бокс

Бүгін бокстан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Екінші жарыс күнінде екі қазақ боксшысы Ташкентр рингіне көтеріледі.

13:00-де басталатын сессияда 86 келіде өнер көрсететін Сағындық Тоғамбай ел намысын қорғап, конголық Мбели Нландумен жұдырықтасады.

Ал 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Санатәлі Төлтаев израильдік Ахмад Штивимен шеберлік байқасады. Ол кешкі, яғни 18:00-де басталатын сессияда өнер көрсетеді. 

Екі боксшымыздың жекпе-жегін “Qazsport” телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.