Антон Сагадеев “Сочи” сапын толықтырды

Антон Сагадеев “Сочи” сапын толықтырды
Хоккей

Ресейлік “Сочи” хоккей клубы шабуылшы Антон Сагадеевтің команда құрамына қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Форвардпен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген. 29 жастағы шабуылшы өткен маусымда “Барыс” намысын қорғап, 66 матчта 23 (16+7) ұпай еншілеген. 

Бұған дейін Антон Сагадеевтің Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны және әлем чемпионатына бармайтыны мәлім болған. Айта кетейік, ол - Теміртау тумасы және сол жердің хоккей мектебінің тәрбиеленушісі.