Ангелина Лукас WBC International тұжырымы бойынша белдікке ие болды

Ангелина Лукас WBC International тұжырымы бойынша белдікке ие болды
Бокс

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Ыстамбұлда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жерлесіміздің қарсыласы 43 жастағы мексикалық Ана Аррасола болды. Екі минуттық 10 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында Лукас төрешілердің шемімі бойынша жеңімпаз атанды. Осылайша Ангелина Лукас WBC International тұжырымы бойынша бос тұрған титулды жеңіп алды.

26 жастағы Лукастың бұл кәсіби бокстағы төртінші жекпе-жегі және соның төртеуінде де жеңіске жетіп отыр. Соның ішінде екі айқасын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Аррасола өз мансабында 28 рет жеңіске жетіп, үш кездесуін тең аяқтаса, 17 рет жеңіліске ұшыраған.