Қазақстандық қақпашы карьерасын аяқтады
Хоккей
Қазақстандық қақпашы Максим Грязнов ойыншы мансабын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Шайба.kz мәліметінше, ол мансабын енді «Ақтөбе» ХК қақпашыларының жаттықтырушысы ретінде жалғастырады. Теміртаудың 30 жастағы тәрбиеленушісі «Сарыарқа», «Бүркіт», «Құлагер», «Горняк», «Астана», «Ертіс», «Бейбарыс», «Алматы» және «Арлан» сапында өнер көрсетті.
Сондай-ақ ол ЖХЛ-да «Оңтүстік Орал» сапында 16 матч өткізген.
Қазақстан құрамасы сапында жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаттарында екі рет өнер көрсетті.