Бокстан ұлттық құрамамыз Ташкентте алғашқы жаттығуын өткізді
Бокс
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте жаттығуға кірісіп кетті. Бұл туралы Бокс федерациясына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Мырзағали Айтжанов бастаған құрама 1 мамырда әлем чемпионатына қатысады.
Шымкенттен Ташкентке дейін 130 шақырым. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қожайындары - Ташкент қаласында. Құрама алғашқы жаттығуын өткізді. Басты жаңалықтар әлі алда! Бізбен бірге болыңыздар, құрметті жанкүйерлер! Бірге жеңіске жетеміз! – делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін әлем чемпионатына қатысатын құрама тізімін назарларыңызға ұсынғанбыз.
Әлем біріншілігі 14 мамырға дейін жалғасады.