“Барыс” капитаны “Спартакқа” кетеді

“Барыс” капитаны “Спартакқа” кетеді
Хоккей

“Барыс” капитаны Линден Вей келесі маусымда “Спартак” намысын қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат “Правый хват” телеграм-арнасында жарияланды.

”Соңғы бір жарым маусым бойы “Барыста” ойнаған канадалық шабуылшы Линден Вей мәскеулік клубпен келісімшарт жасасады. Нарықтағы қазіргі жағдай бойынша, бұл өте жақсы трансфер болмақ. Бірінші бестіктегі орталық шабуылшы табылды. Линден Вей бұдан да жақсы клубта өнер көрсетеді деп ойлағанмын”, - деп жазылған хабарламада. 

Өткен маусымда 31 жастағы форвард 57 ойынға қатысып, 41 (18+23) ұпай еншіледі.