Ангелина Лукас жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына көмектеседі

Ангелина Лукас жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына көмектеседі
Бокс

UBO тұжырымдамасы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ангелина Лукас 30 сәуір күні Ыстамбұлда өтетін бокс кешінен түсетін қаржы жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына берілетінін айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Осыдан біраз уақыт бұрын Түркияда жер сілікініс болғаны бәріне мәлім және көптеген спортшылар осы бокс аренасында өз титулын иелену үшін келеді. Билеттер сатылымынан түскен қаржы сол жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтар игілігіне жұмсалады. Мен де өзімнің еңбегім, жаным мен жүрегімнің бір бөлігін осы қайырымды іске бергім келеді. Түрік жерінде қазақ туын желбірету үшін барымды саламын. Алға, Қазақстан!", - деп жазды Ангелина Лукас өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Ангелина Лукас Ыстамбұлда мексикалық Ана Аррасоламен жеңіл салмақтағы WBC International белбеуін сарапқа салады.