Ангелина Лукас WBC титулын сарапқа салу үшін Ыстамбұлға барды

Ангелина Лукас WBC титулын сарапқа салу үшін Ыстамбұлға барды
Бокс

Екінші аса жеңіл салмақтағы UBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас WBC титулын сарапқа салу үшін Ыстамбұлға жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

30 сәуір күні қазақтың бұрымды боксшысы 43 жастағы мексикалық Ана Арасоламен жұдырықтасып, жеңіл салмақтағы WBC International белбеуін сарапқа салады. 

Ангелина Лукастың қарсыласы спорттық өмірі барысында әртүрлі салмақ дәрежелерінде IBF, WBO, IBO және WBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы атағына таласқан.