Бас бапкер әлем чемпионатына баратын боксшылар қалай іріктелгенін айтты

Бас бапкер әлем чемпионатына баратын боксшылар қалай іріктелгенін айтты
Бокс

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ташкентте өтетін әлем чемпионатына іріктеу қалай жүргенін алға тартты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бері бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық, сондықтан, әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орындары бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін, - деді Мырзағали Айтжанов.

Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков боксшыларға тыңғылқты жаттығу жасау үшін бар жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

Бапкерлік құрам боксшыларды әлем чемпионатына жақсылап дайындап апара жатыр. Дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Кеңес Рақышев басқаратын Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Боксшылар мен бапкерлер олардың өнерін бүкіл Қазақстан тамашалайтынын біледі, сондықтан жауапкершілікті түсінеді. Құрамамызға сәттілік тілейміз, - деп атап өтті Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Ташкенттегі әлем біріншілігіне баратын боксшылар тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.