Петров кубогының иегері ұлттық құрама сапына қосылады

Хоккей
Хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы сапы тағы бір шабуылшымен толығады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Shaiba.kz сайтының жазуынша, Максим Мусоров Қазақстаг ұлттық құрамасы қатарына келіп қосылады.
Айта кетейік, Максим Мусоров өнер көрсететін “Химик” Бүкілресейлік хоккей лигасының финалында “Соколды” жеңіп, Петров кубогының иегері атанған болатын.